«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
19.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада “Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты ұйымдастырған “Менің мектебім буллингке қарсы!” флешмобы ұйымдастырылды.
Флешмоб мақсаты:
- балалардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына қоғам назарын аударту;
- оқушылар мен педагогтердің антибуллингтік санасы мен ойлауын қалыптастыру;
- кез-келген зорлық-зомбылық түрдеріне қарсылық танытуға белсенді қатысуға ықпал ету.
15.09.2025 ж. Өзін өзі басқару ұйымы президентіне үміткерлердің сенімді өкілдерінің қатысуымен сайлау жәшігіндегі дауыс беру бюллетендері саналды. Сайлау қорытындысы бойынша мектеп президенті болып Тәжіғали Жайнар сайланды.
🌟 Жайнарды мектеп президенті болып сайлануымен құттықтаймыз! Жарқын идеялар мен табысты жұмыс тілейміз!
Мектептің Өзін өзі басқару ұйымының президентіне үміткер ретінде 10 "а" сынып оқушысы Хасен Еламан және 9 "а" сынып оқушысы Тәжіғали Жайнар өз кандидатураларын ұсынды. Үміткерлер мектепшілік жиында бағдарламаларымен таныстырып, оқушыларды белсенді дауыс беруге шақырды.
17.09.2025 ж. «Еңбек ардагерлеріне тағзым» акциясы аясында Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның 8 “а” сынып оқушылары зейнеткер кітапханашы Бақытгүл апайдың ауласын тазалап, күзгі егін өнімдерін жинауға көмектесті.
Бұл шараның мақсаты – үлкенге құрмет көрсету, жастарға еңбекқорлық пен ізгілік үлгісін көрсету, сондай-ақ ардагерлерге көмек қолын созу.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







