Хабарландыру
Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

2.10.2025 ж.  Есет батыр атындағы мектеп-бақшада Ұстаздар күніне орай мектепте дәстүрлі «Дублер күні» ұйымдастырылды. Бұл күні оқушылар ұстаздардың рөлін өздері атқарып, сабақ жүргізіп, мектеп өміріне белсене араласты. Іс-шараның мақсаты – ұстаз еңбегін құрметтеу, олардың жауапкершілігін сезіну және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болды. Оқушылар мен ұстаздар үшін ерекше әсер қалдырған мерекелік күн қызықты әрі мазмұнды өтті.

310.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада ұстаздар күніне арналған «Мектеп жүрегі – ұстаз» атты мерекелік концерті өтті.

Мерекелік концертке зейнеткер ұстаздар арнайы қонақ ретінде шақырылып, ұстаздарымыздың бірқатары аудандық, облыстық білім бөлімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Оқушылар ұстаздарына арнап ән шырқап, би билеп, жүрекжарды өлеңдерін оқыды.

Шәкірттердің ыстық ықыласы мен алғысы ұстаздардың көңілін шаттыққа бөледі.

Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның еріктілер тобы 1 қазан - Халықаралық Қарттар күніне орай «Жүрек тыныштығы» атты медициналық көмек көрсету акциясы аясында ауылымыздың қария әжесіне Пульсоксиметр сыйға тартты.

Акция мақсаты:

Қарттарға қамқорлық көрсету, олардың денсаулығына көңіл бөліп, өмір сапасын жақсартуға ықпал ету. Пульсоксиметрді сыйға тарту арқылы жүрек соғысы мен оттегі деңгейін үнемі бақылауға мүмкіндік беру, қарт адамдардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ қоғамда үлкенге құрмет көрсету дәстүрін дәріптеу.

1.10.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада 1 қазан - Халықаралық Қарттар күніне орай  мектебіміздің зейнеткер ұстаздары мен ауылдық мәдениет үйінің “Сағыныш” хоры ұжымына арнап «Қуаныш сыйлайық» атты мерекелік концерт ұйымдастырды.

Бұл шарада оқушылар мен ұстаздар ата-әжелерімізге арнап ән-жырдан шашу шашып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Концерт қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мейірім мен сыйластыққа толы кешке айналды. Кеш соңында ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарымыз игі тілектерін айтып, баталарын берді.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі