Хабарландыру
Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

7.11.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада Өзін өзі басқару ұйымы оқушылар арасында нашақорлықтың, темекі мен басқа да зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ертеңіңе бей-жай қарама» тақырыбында мектепішілік жиын өткізді.

7.11.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақша қыз балаларына мектеп медбикесі, мектеп психологі және директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізді. Іс-шара барысында қыздарға салауатты өмір салтын ұстану, жауапкершілік пен өз денсаулығына мұқият қарау туралы кеңестер берілді.

29.10.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында оқушылардың күзгі каникул кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында “Буллингтен қорған!” тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға буллингтің түрлері мен оның зияны туралы түсінік беру, қорғану жолдарын үйрету және өзге адамға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

30.10.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында оқушылардың күзгі каникул кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 3-4 сынып оқушыларына “Менің атым Қожа” фильмі көрсетілді.

Іс-шара мақсаты:

  • Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;
  • Фильм арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуге, дұрыс таңдау жасауға баулу.
© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі