Хабарландыру
Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

20.01.2026 жылы “Ұшқыр ой алаңы” жобасының жылдық жоспарына сәйкес 5–6 сынып оқушылары арасында қазақтың белгілі тұлғалары, атақты адамдары және спорт жеңімпаздары туралы танымдық викторина өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ел тарихына, ұлттық мақтанышымыз болған тұлғаларға деген қызығушылығын арттыру, білім көкжиегін кеңейту. Викторина барысында оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетіп, командалық жұмыс дағдыларын дамытты.

19.01.2026  жылы Алға ауданы Есет батыр атындағы мектеп-бақшасының мұғалімдері мен кіші қызметкерлеріне «Интернет алаяқтықтың» алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторы полиция майоры С.Қ.Камарадин түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

5-8.12.2025 ж.Оқушыларға «Қоғамдық дерт – жеке бақытты ұрлайды» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – оқушылардың қоғамдағы зиянды әдеттер мен әлеуметтік мәселелерге көзқарасын анықтау, олардың жеке өмірге, денсаулыққа және болашаққа әсерін түсіндіру. Сауалнама нәтижесінде оқушылар қоғамдық дерттердің жеке адамның өміріне және қоғамның дамуына зиянды екенін түсінетінін көрсетті. Көпшілігі салауатты өмір салтын ұстануды, зиянды әдеттерден аулақ болуды және өз ортасында дұрыс үлгі көрсетуді маңызды деп есептейді.
Ұйымдастырушы: әлеуметтік педагог А.Ғ.Алмағамбет.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 класс оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Сакара Ольга 10в сынып оқушысы қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Жетекшісі: Ергалиева Раушан Тлеугабыловна
Құттықтаймвз!

@alga_bilim_bolimi

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі