«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ауыл мектептерінің 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңінде география пәнінен жүлделі ІІІ орын иеленген Есет батыр атындағы мектеп-бақшасының 11-сынып оқушысы Арслан Әминаны жеке қабылдап, марапатын табыстап, тілек білдірдім.
Жас жеткіншекке алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім жолында алар асуларының көп болуын тілейміз!
Жетекшісі – Байманова Набира Тажиевна.
Бастауыш сынып мұғалімдер арасында өткен, Республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінен Боранбаева Камшат Алпысбаевна жүлделі 3-орынды иеленді.
Құттықтаймыз!!!
Жақсылық — жүректен басталады
Есет батыр атындағы мектеп - бақшада «Мейірім» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды. Акцияның мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау болып табылады.
Мейірімділік — материалдық көмекпен ғана емес, шын көңілмен, жанашырлықпен өлшенеді.
Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын тауып, әр баланың жүзінен күлкі кетпесін деп тілейміз.
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@alga_bilim_bolimi
25.12.2025 ж. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Жаңа жылға саяхат» атты жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту7
Ертеңгілік барысында оқушылар тақпақтар айтып, әндер орындап, қызықты ойындарға қатысып, ертегі кейіпкерлерімен бірге әсерлі сәттерге куә болды. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







