Хабарландыру
Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

20.11.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасының “Жас эколог” клубының жоспарына сәйкес “Қоқысқа екінші өмір” тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатта “Алтын ою” үйірмесінің мүшелері қалдық қағаздарды блендрмен ұсақтап, түрлі түсті бояуларға малу арқылы әдемі картина жасады.

Мақсаты:

-Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу: Оқушыларға табиғатты аялаудың маңызын түсіндіру, экологиялық жауапкершілік қалыптастыру.

-Шығармашылық қабілеттерін дамыту: Қалдық материалдардан пайдалы әрі сәнді бұйымдар жасау арқылы оқушылардың қиялын, қолөнер дағдыларын жетілдіру.

-Тұрақты даму мәдениетін қалыптастыру: Күнделікті өмірде қалдықты дұрыс сұрыптау, тұрмыстық қалдықты азайту әдетін қалыптастыру.

Үйірме жетекшісі: Тапалова К.А.

23.10.2025 жылы 9-сынып оқушыларына «Апиын – үміттің жауы» тақырыбында дәріс оқылды.
Мақсаты: жасөспірімдерге апиын мен басқа да есірткі заттарының адам өміріне, денсаулығына, болашағына тигізетін зиянын жан-жақты түсіндіру. Сабақ барысында есірткінің адам ағзасын улайтыны, психикалық және әлеуметтік күйзеліске әкелетіні, білім алуға, арман-мақсатқа, отбасы мен қоғамға үлкен қауіп төндіретіні айтылды. Тарихи апиын соғыстары арқылы есірткінің геосаяси салдары түсіндірілді. Дәріс соңында оқушылармен кері байланыс жүргізілді. Арнайы әзірленген сандықшаларға түрлі сұрақтар орналастырылып, оқушылар сол сұрақтарды таңдап алып, мазмұнды жауаптар берді. Бұл әдіс олардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтауға, өз ойларын еркін жеткізуге және есірткіге қарсы көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Кері байланыс нәтижесінде оқушылар дәрістен алған негізгі ақпараттарды нақтылап, салауатты өмір салтының маңызын тағы бір рет атап өтті.
Ұйымдастырушы: әлеуметтік педагог А.Ғ.Алмағамбет.

Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында оқушыларға күзгі-қысқы кезеңде су айдындарындағы  қауіпсіздік ережелері туралы ата-аналар мен балаларға арналған жадынама таратылды.

Жадынаманың мақсаты:

  • Күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында (өзен, көл, тоған) туындайтын қауіп-қатерлер туралы ата-аналар мен балалардың хабардарлығын арттыру;
  • Мұз үстінде және су жағасында қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін түсіндіру;
  • Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін ата-аналардың бақылау және жауапкершілік рөлін күшейту;
  • Төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру;
  • Қауіпті жағдай туындағанда дұрыс әрекет ету тәсілдерін үйрету.

Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы” акциясы аясында 5 “а” сыныбында “Жол ережесін білесің бе?!” тақырыбында викторина өтті.

Мақсаты:

  • Оқушылардың жол ережелері туралы білімін тексеру және бекіту;
  • Жол қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыру, абай жүріс мәдениетін дамыту;
  • Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау және шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіру;
  • Балаларды жолда қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
  • Қауіп-қатерлерден сақтанудың маңызын түсіндіру арқылы жолдағы апаттардың алдын алу.
© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі