Хабарландыру
Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

“Ақтөбе облысының білім басқармасы” мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 26 наурыздағы #01-14/1007 хаты негізінде және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында білім беру ұйымдарында өтетін “Құқықтық мәдениет” республикалық құқықтық сауаттылық акциясы аясында  Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында  ата-аналар кезекшілігі ұйымдастырылды. 1 сәуір күні кезекшілікке екі ауысым бойынша 4 ата-ана қатысып, мектептің тыныс-тіршілігімен танысты, білім алушылармен кездесіп мектептің ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылады, тиісінше өз ұсыныстарын айтты.

Есет батыр атындағы мектеп-бақша ұжымы мен оқушылары "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын қолдау мақсатында 5.04.2025 ж. мектеп аумағында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында мектеп ауласы мен айналасы жан-жақты тазартылып, сыпыру, қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілді.

2025 жылдың 28 наурыз күні Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Ата-ана мен білім беру ұйымы: бір мүдде” тақырыбында бірыңғай  ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Алға ауданы ПБ УПИ полиция майоры С.К.Камарадин, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі және сынып жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1.Білім беру ұйымдарына алып кіруге тиым салынған заттарды анықтау мақсатында ата-аналардың қатысуымен кезекшілік ұйымдастыру жұмыстары;

2. Оқушылар гигиенасы;

3. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту;

4. Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу; жадынама тарату;

5. Психологиялық сергіту бөлімі экспресс әдіс арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасын бағалау.

Құрметті болашақ 1 – сынып оқушыларының ата – аналары!
Жаңа 2025 – 2026 оқу жылына 1 – сыныпқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 – сәуір мен 31 – тамыз аралығында электрондық форматта қабылдау жұмысы www.egov.kz порталы арқылы өтеді. Өтініш беру туралы бейненұсқаулық www.egov.kz порталында көрсетілген. Қызмет тегін көрсетіледі.
1 – сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 2025 жылдың 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толатын балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Құжаттар тізімі.
Төмендегі құжаттарды сканерлеу қажет және түп нұсқасын мектепке өткізу керек:
1. Ата – аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын заңды тұлғалар);
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; (2 дана)
3. Баланың 3*4 фотосуреті – (2 дана);
4. Баланың денсаулық паспорты (052-2\у формасы);
5. 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
6. Ата – анасының ЭЦҚ кілті (немесе оларды алмастыратын заңды тұлғалар) ;

Ұсынылған құжаттардың № 4,5 құжаттарды 1 – беттен бастап жазба аяқталған бетке дейін сканерлеу керек және баланың 3*4 суреті артқы фоны ақ немесе көк болуы керек (баланың тойдан, селфи т.б. суреттерден қиып алған фотосы жарамсыз болып есептеледі, құжаттар қабылданбайды). Өтініш дүйсенбі – жұма күндері аралығында сағат 9:00 – 18:00 дейін  қабылданады

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі