«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
19.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес “Отбасы - бақыт мекені” тақырыбында 3-4 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Оқушылардың өлеңдері инстаграм әлеуметтік желісіне жүктеліп, ең көп лайк жинаған қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.
Шараның мақсаты:
- Оқушылардың отбасы құндылықтарына деген сүйіспеншілігін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты, сыйластықты дәріптеу;
- Балалардың мәнерлеп оқу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін, сахнада өз ойын еркін жеткізуге үйрету;
- Отбасының қоғамдағы рөлін түсінуге, өз отбасын қадірлеуге баулу.
19.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес “Отбасы - бақыт мекені” тақырыбында 1-2 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты:
- Оқушылардың отбасы туралы түсінігін, сүйіспеншілігін сурет арқылы бейнелеуге мүмкіндік беру;
- Отбасы құндылықтарын, татулық пен сыйластықты насихаттау;
- Мектепте отбасылық құндылықтарға құрмет пен жылы қарым-қатынас атмосферасын қалыптастыру.
19.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада “Мектеп пен отбасы: Адал әрі жауапты азамат тәрбиелеудегі өзара ынтымақтастық” тақырыбындағы ата-аналар комитетінің І отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы.
2. Мектеп ата-аналар комитетінің жұмысын үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
3. Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында оқушыларының құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында мектепте білім алу және еңбек ету құқықтары жөнінде арнайы ақпараттық брошюралар дайындалып, таратылды.
Мақсаты:
Оқушыларға білім алу және еңбек ету құқықтары туралы түсінікті әрі қолжетімді ақпарат беру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтарын білуге және қорғауға үйрету.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






