«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
17.09.2025 ж. Есет батыр мектеп-бақшасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай “Абай - Ұлы даланың Ұлы ойшылы” атты мектепшілік іс-шара өтті.
Іс-шара мақсаты:
– Ұлы даланың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай оның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау;
– Оқушылардың ұлттық құндылықтарға, туған әдебиет пен мәдениетке құрмет сезімін қалыптастыру;
– Абайдың өнегелі ойлары арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту, ізгілікке, білімге, адамгершілікке баулу.
10.09.2025 ж. мектеп-бақшамызда ауыл амбулаториясының акушер-медбикесі Н.Усербаева, мектеп-медбикесі А.Сапарова, мектеп психологі А.Кужабаеваның қатысуымен 8-11 сынып қыз балаларына ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздар арасында жеке гигиена, өзін күту мәдениеті, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу жөнінде түсінік қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушылар:
– қыз балаға тән әдеп пен әсемдік,
– өз денсаулығын сақтау мен жеке шекарасын қорғау,
– болашаққа саналы қадам жасау
туралы пікірлерімен бөлісті.
Мектеп медбикесі мен психологы қыздарға пайдалы кеңестер беріп, сұрақтарына жауап берді.
🏫 Ата-аналар жиналысы 🏫
05.09.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшада ата-аналар мен мұғалімдер, мектеп әкімшілігі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
✅ Жиналыстың маңыздылығы:
- Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді;
- Мұғалімдер ата-аналарға оқу-тәрбие жұмысы жайлы нақты ақпарат ұсынады;
- Ата-аналар мектеп өміріне белсене араласуға мүмкіндік алады;
- Өзекті мәселелер дер кезінде анықталып, бірлесе шешуге жағдай жасалады.
📌 Күн тәртібінде:
1. ”Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы, мектеп формасы, ішкі тәртіп, салауатты өмір салты, буллинг пен кибербуллинг, ыстық тамақпен қамту мәселелері.
2. 2025–2026 оқу жылына қойылатын мақсат-міндеттер.
3. Үлгерім, оқушылар тәртібі, ата-аналармен ынтымақтастық, интернет қауіпсіздігі, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
4. Қоғамдық жұмыстар – сыныптың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, мектепішілік және сыныпішілік іс-шаралар.
Жиналыс барысында ата-аналар өз ойларын ортаға салып, мектеп пен отбасының байланысын нығайтуға үлес қосты.
5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері күніне орай мектеп-бақшамызда «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» атты мектепішілік жиын ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін түсіндіру, еліміздегі түрлі ұлттардың тілдеріне құрметпен қарауды үйрету және көптілділіктің маңызын ұғындыру болды.
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде рухани құндылықтарға айрықша мән беріп келеді. Сол құндылықтардың ең бастысы – тіл. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тіл – халықтың жаны, жүрегі» деп айтқандай, тілдің сақталуы – ұлттың сақталуы. Осы мақсатта 2017 жылдан бастап елімізде 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күні ретінде ресми мереке болып белгіленді.
Бұл күннің ерекшелігі – қазақ халқының ардақты перзенті, көрнекті ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен сәйкес келуі. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, қазақ жазуының реформаторы, ағартушы-педагог. Ол 1872 жылдың 5 қыркүйегінде Қостанай облысының Жангелді ауданында дүниеге келген.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







