«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
12.03.2025 ж. Оқушыларға «Нашақор және қылмыс» тақырыбында баяндама оқылып, тренинг өткізілді. Мақсаты: нашақорлықтың адам өміріне, қоғамға және заң алдындағы жауапкершілікке қалай әсер ететінін жан-жақты түсіндіру. Есірткіге тәуелділіктің тек жеке адамның денсаулығына ғана емес, оның мінез-құлқына, ойлау жүйесіне, қоршаған ортаға және әлеуметтік жауапкершілігіне кері ықпал ететінін көрсету. Сонымен қатар, есірткі қолданудың салдарынан туындайтын құқықбұзушылықтар мен қылмыстық әрекеттер туралы нақты мәліметтер беру арқылы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды қылмыстық жолдан сақтандыру, заң нормаларына құрметпен қарауға баулу. Жастардың есірткіден алшақ болуына, өмірлік дұрыс таңдау жасауына, салауатты өмір салтын ұстануға, отбасына, қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Ұйымдастырушы: әлеуметтік педагог А.Ғ.Алмағамбет,
мектеп психологы А.С.Кужабаева.
🛎️23 мамыр 2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында 11 сынып бітіруші түлектеріне арналған “Сәт сапар, Жас Түлек - 2025!” атты салтанатты жиыны өтті.
Бұл жиын түлектер үшін мектеп қоңырауы соңғы рет соғылып, балалықтық шуақты шақтары артта қалып, алда үлкен өмірдің есігі айқара ашылатын күн болды.
Салтанатты жиынға Алға ауданы әкімінің орынбасары Кангужин Болатбек Танжарбаевич, Бесқоспа ауылдық округінің әкімі Таженов Нуржан Надирханович, ардагер дәрігер Таженов Сагингали Айчанович, полиция инспекторы капитан Камрадин Саламат Кайрстович және ардагер ұстаздар қатысып, ізгі тілектерін білдірді.
Сонымен қатар түлектердің ата-аналары да жүрекжарды тілектерін білдірді. Балаларының мектеп қабырғасында алған білімі мен тәрбиесіне алғыс айтып, ұстаздарға ризашылықтарын жеткізді. Алдағы үлкен өмір жолында балаларға ақ жол, биік арман, сарқылмас күш пен сәттілік тіледі.
Құрметті Жас Түлек, сендерге үлкен үміт артылып отыр. Қай салада болмасын, ел үмітін ақтар азаматтар болыңдар! Армандарың асқақ, мақсаттарың нық болсын.
Өмір жолдарың жарық, сәттіліктерге толы болсын!🕊️🕊️🕊️
📚 23 мамыр - “Білім – Отанымa” республикалық сынып сағаттары өтті. ✨
🔹 Сынып сағаты барысында оқушылардың отансүйгіштік, адалдық пен жауапкершілік секілді асыл қасиеттерге тәрбиеленуі басты назарда болды.
Мектеп-бақша директоры А.Т.Султангалиева мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтап, алдағы жазғы демалысты тиімді әрі қызықты өткізіп, жаңа оқу жылына жаңа күшпен оралуларын тіледі. Бастауыш сыныптың 2024-2025 оқу жылының оқу озаттарын мақтау қағаздарымен марапаттады.
🏅 Сонымен қатар, “Адал азамат” біртұтас білім бағдарламасы аясында өткен эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды!
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







