«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
24.10.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшамызда 25 қазан - Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік концерт өтті.
Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, патриоттық өлеңдер оқыды.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ел тәуелсіздігі мен бірліктің қадірін ұғындыру, отансүйгіштік рухын қалыптастыру болды.
«Біз есірткіге қарсымыз» сурет байқауы өтті 🎨🚫
Мектебімізде оқушылар арасында «Біз есірткіге қарсымыз» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — жасөспірімдердің салауатты өмір салтына деген көзқарасын қалыптастыру, есірткі заттарының зияны туралы түсінік беру және оларды жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру.
Оқушылар өз туындылары арқылы есірткіге қарсы көзқарасын бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 🌿🕊️
Өткізген: аға тәрбиеші Жұмағалиева А.Т.
«Есірткі – арманды ұрлайды, өмірді қиратады»
Мектебімізде есірткіге қарсы бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
Мақсаты – жасөспірімдердің санасында салауатты өмір салтының маңызын арттыру, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға үндеу.
Есірткі – өмірге балта шабатын, болашақты қараңғылататын қауіпті жол. Сондықтан әрбір жас өз болашағын таза оймен, дұрыс таңдау арқылы қалыптастыруы тиіс.
🌿 Салауатты өмір – сенің ең үлкен жетістігің!
Өткізген: әлеуметтік педагог А.Ғ.Алмағамбет
8.10.2025 ж. Есет батыр мектеп-бақшасында “Еңбегі адал жас өрен” жобасының жұмыс жоспарына сәйкес дәстүрге айналған “Күзгі асар” жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде оқушылардың өз қолдарынан жасалған дәмді тағамдары мен бау-бақша өнімдері сатылымға қойылды.
Жәрмеңкенің өтуіне белсене араласқан оқушыларға алғыс білдіреміз!
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







