«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30.10.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында оқушылардың күзгі каникул кезінде бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында “Күзгі асар!” жәрмеңкесі өтті.
Іс-шара мақсаты:
Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа және өз еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеу.
Жәрмеңкеде оқушылар өз қолымен әзірлеген тағамдар мен қолдан жасалған бұйымдарын ұсынды.
Осындай шаралар арқылы балалар еңбектің қадірін біліп, бір-біріне көмектесудің маңызын түсінді. 🌾🤝
24.10.2025 ж. мектепшілік жиында I тоқсан қорытындысы шығарылып, оқу мен тәртіпте белсенділік танытқан сыныптар марапатталды. 🌟
Сондай-ақ жиын барысында оқушыларға күзгі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ата-аналарға қауіпсіздік парақшалары таратылды.
«Шебер қолда – дәмді ас» атты шеберлік сағаты өтті.
22.10.2025ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшаның “Жарқыра” қыздар ұйымының ұйымдастыруымен «Шебер қолда – дәмді ас» атты шеберлік сағаты өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға ас үйдегі қауіпсіздік ережелері, тазалық пен жеке гигиенаны сақтау маңыздылығы туралы түсіндіріліп, пайдалы кеңестер берілді.
Қыздар өз қолымен жеміс-жидек салаты мен құймақ дайындап, аспаздық өнерлерін көрсетті. Шара оқушылардың ұқыптылыққа, ұжымдық жұмысқа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Өткәзген: "Жарқыра" қыздар ұйымының жетекшісі Қоңыратбаева Н.С:
24.10.2025 ж. Есет батыр мектеп-бақшасында 25 қазан - Республика күні мерекесіне орай “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты түрде 5-сынып оқушылары қабылданды.
Ұйым қатарына қабылдау сертификатын табыстау құрметі ардагер ұстаз Құлтай Қоянбайұлы мен мектеп-бақша директоры Айнұр Төремырзақызына берілді.
Оқушылар елімізге адал қызмет етіп, білім мен еңбекте үздік болуға ант берді.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







