Хабарландыру
Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

13.01.2026 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында “Заң және тәртіп” айлығы аясында “Заң және тәртіп: жасөспірім көзімен” тақырыбында плакаттар байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты:Жасөспірімдер арасында заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру. Оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, өз ойын шығармашылық арқылы еркін жеткізу қабілетін дамыту, құқық бұзушылықтың алдын алу.

08.01.2026  жылы Алға ауданы Есет батыр атындағы мектеп-бақшасының оқушыларына жол қауіпсіздігін алдын алу және болдырмау мақсатында учаскелік полиция инспекторы полиция майоры С.Қ.Камарадин түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

06.01.2026 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында  класс жетекшілерге арналған «Адал азамат – біртұтас тәрбиенің негізі» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтар, адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік қасиеттерді дарытуда класс жетекшінің рөлін арттыру, біртұтас тәрбие бағдарламасының маңызын түсіндіру.

Іс-шара барысында тәрбие жұмысының өзекті бағыттары талқыланып, тәжірибе алмасу ұйымдастырылды. Класс жетекшілерге әдістемелік ұсыныстар беріліп, ашық пікір алмасу жүргізілді.

12.12.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақшасында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Жас маман – табысқа апарар жол» тақырыбындағы семинар өткізілді. Мақсаты — жас педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу және кәсіби дамуына қолдау білдіру. Семинар барысында жас мамандарға тәжірибелі ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттары мен презентациялар арқылы білім беру процесіндегі тиімді тәсілдерді ұсынды.
Семинар нәтижесінде қатысқан мұғалімдерді Алға аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапаттады.

© 2026 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі