«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
01.04.225 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақша бойынша бракераждық комиссиясы кезекті тамақтану сапасы мониторингісін жүргізді. Асхана дәмбикесі мектеп асханасының жаңа тоқсанға толық дайын екенін хабарлады. Тағам мәзірі жаңартылып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай пайдалы тағамдармен толықтырылған. Санитарлық талаптарға сәйкес тазалық жұмыстары жүргізілген. Асхана қызметкерлері медициналық тексеруден өткен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Асхана жабдықтары, құралдары тексеруден өтті, ақаулар жоқ.
15.02.2025 ж. Бракеражды комиссия мүшелері және мектеп әкімшілігімен бірге тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында төмендегідей жағдайлар анықталды: күн сайын асханада мектеп басшысымен бекіткен ас мәзірі ілінген, перспективалық екі апталық ас мәзіріне сәйкес жасылынған. Ас блогындағы, асханадағы жұмыстың ұйымдастырылуы, мектеп асханасына жеткізілген тамақ өнімдерінің сапасы, асхана жабдықтарының жарамдығы өнімдер мен дайын тағамдар сақтау мерзімі қаралды. Тамақ өнімдерін жүкқұжатына сәйкес шикі азық түлектер әкелініп отырады. Тоңазытқыштағы тағамның тәулік сынамалары ас мәзірінің кестесіне сәйкес алынады. Ас блогында ет, сүт өнімдерін сақтайын тоңазытқыш бар Ыдыс жуатын блогта арнайы ыдыс жуатын бөлме және кептіретін арнайы орын қарастырылған,ағын су ағып тұр. Тамақ қалдықтары арнайы таңбаланған қақпағы бар ыдыста сақтап, бөлек жерге апарылады. Комиссия мүшелері тағамның сапасына бақылауды жүргізіп отырады. Тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған асхана ыдыстары (тәрелке,бокал, шынышқы, қасық ) жеткіліксіз екіндігіне анықталды. Тамақтану залы таза, жарық, балалардың тамақтануы үшін жағдай жасалған, қол жуғыштар таза, сұйық сабын бар.
15.01.2025 ж. Есет батыр атындағы мектеп-бақша бойынша бракераж комиссиясы кезекті тексеріс жұмысын жүргізді. Тексеріс кезінде асхана іші таза, аспазшылар талапқа сай киінген. Тамақ дайындаудағы санитарлық талаптар сақталған. Ас мәзірі мұқият қаралды. Олардың құрамы, мөлшері талапқа сай дайындалған. Күнделікті ас мәзірі перспективалық ас мәзірімен сәйкес. Екі ауысымда оқушылар күнделікті ыстық тамақпен тамақтанады. Мектебімізде 157 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Соның ішінде 1-4 сынып 142 окушы. 5-11 сынып 15 оқушы.
1-ауысым 10.25, 2-ауысым 15.35. те тамақтанады. Оқушылар күн сайын белгіленген уақытпен тамақтанады. Асхана мен ас үй ыдыстарын жуу және өңдеу шарттары стандартқа сәйкес келеді.Тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыс бар.
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Алға ауданының білім бөлімі» ММ-нің 2025 жылғы 21 ақпанындағы №01-09/468 хатына сәйкес, Есет батыр атындағы мектеп-бақша бойынша тыйым салынған және зиянды тағам өнімдері тақырыбында мектеп оқушылары мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиналыс өткізілді, атқарылған шаралар әлеуметтік желілерге жүктелді.
Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Есет батыр атындағы мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







